Жексенбі, 11 мамыр, 04:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени шара өтті

09.05.2025

26

0

495595349 989603573360887 6010351421370802148 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданының «Жеңіс» саябағында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты мәдени шара өтті.

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – төл тарихымыздағы орны ерекше, қасиетті күн!

Бүгінде майдангер аталарымыз қазалылық Тілеуберген Тобабергенов, сырдариялық Яхия Тасыров Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтуде. Ел басына күн туғанда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранға үн қосқан тыл еңбеккерлерінің ерлігі мәңгі есімізде. Қазіргі уақытта 1700 тыл еңбеккері ортамызда. Халқымыздың даңқты ұл-қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлігі, ерен еңбегі ешқашан да ұмытылмайды», – деді Н.Нәлібаев.

Майданға Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат аттанса, 6 мыңнан астамы ғана елге аман-есен оралған.

Үрмәш Түктібаев, Михайлюк Яков, Мақаш Балмағамбетов, Геннадий Шляпин, Біліс Нұрпейісов, Владимир Счастнов Кеңес Одағының батыры атанды.

Салтанатты шарада тыл ардагерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Іс-шараға қатысушылар қан майданда қаза тапқандар мен ардагерлерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі қайта жаңғыртылып, абаттандырылған «Жеңіс» саябағын көріп шықты.

Саябақты жаңғыртудан өткізген «Каз Элит Строй Сервис» ЖШС ауқымды жұмыс атқарған. Жалпы көлемі 20 гектар аумаққа орналасқан мәдени-демалыс кешенінде «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Жастар» аллеялары, отбасылық мейрамханалар, демалыс орындары, спорт және балалар ойын алаңдары, аквапарк, бассейн бар.

495866654 989603656694212 4394567045551992418 n
496298652 989604250027486 4484006166884467355 n
496254794 989604140027497 2763607055694281633 n
496302747 989603660027545 2924280676007768787 n
496255177 989603963360848 1054754809040760469 n
496040081 989604400027471 8969034214319090870 n
496212977 989618996692678 4219414406092894622 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика