Бейсенбі, 25 желтоқсан, 12:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілті табысталды

24.12.2025

6

0

605193838 1167051312282778 8598246561909820662 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Әйтеке би кентінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға кезекке сәйкес 80 пәтерлік 40 тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Оған құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты, Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспаналы болған азаматтарды құттықтады.

603828267 1167051225616120 5706802358893504188 n

«Қазан айында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдауда.

Президентіміз Үкімет пен облыс әкімдеріне мемлекеттік қолдауларды тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу міндетін жүктеді.

Кейінгі үш жылда өңірде бірінші рет барлық ауданда тұрғын үйлер салынып, атап айтсақ, 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332 жуық жаңа пәтер жерлестерімізге берілді», – деді Н.Нәлібаев.

602364119 1167051322282777 2577207960945074050 n

Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, тұрғын үйлер құрылысын салған азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров қазалылықтарды қоныстоймен құттықтап, қоғам қайраткері Самұрат Имандосов бата берді.

604960089 1167051418949434 7857165339901081678 n
605743628 1167051282282781 3756556466052160821 n

Айта кетейік, өңірде 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне айналған. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) табысталды. Биыл 3 600 пәтерлік үйлер салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.

Қазалы ауданында өткен жылы 148 пәтерлік 74 тұрғын үй табысталған болатын.

603785369 1167051468949429 36719903636837169 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика