Бүгінде елімізде банктер мен түрлі қаржы ұйымдары алдында қарызы мол азаматтардың үлесі өте басым. Мұның қатарында 2 млн шамасында жастардан бастап зейнеткерлерге дейін азаматтар бар.
Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бүгінгі күні аталған тапсырмаға сәйкес «AMANAT» партиясымен тиісті органдар арасында жасалған Меморандумға сәйкес оқу семинарлары жалғасып жатыр.
Бүгін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және жобаның облыс бойынша менеджері Наталья Мишукова аумақтық партия филиалдарымен арнайы жиын өткізіп, жоба аясындағы жұмыстарды жетілдіруді тапсырды.
Атап өту керек, биыл облыс бойынша онлайн және оффлайн түрде 22 мыңнан астам азаматты оқыту жоспарланған болатын. Ақпан айынан бүгінгі күнге онлайн 16 мыңға жуық азамат оқу курсын аяқтады. 4 мыңға жуық азамат оффлайн курстан өтті. Оқу курстары енді жыл соңына дейін біріңғай оффлайын түрде жалғасатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында аресттерді шешу, қарызды қайда құрылымдау, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, алаяқтардан зардап шеккендерге тегін заңгерлік кеңестер де қарастырылған.