Бейсенбі, 27 қараша, 08:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді

24.11.2025

20

0

589274445 1145670531087523 5473650497569371764 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңадан салынған тұрғын үйлерді табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларды, құрылыс қарқынын, әсіресе, тұрғын үй құрылысындағы жетістіктерді атап өтті.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс қарқынды, 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, бүгінде тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Облысымызда алғаш рет соңғы екі жылда барлық ауданда біржарым мыңға жуық пәтер салынып, жерлестерімізге берілді.

Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.

Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді. Осы жолы тағы 50 пәтерлік 25 жаңа үйді өздеріңізге табыстаймыз.

Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезінген барлығыңыз үшін ерекше қуанышты күн!Баспаналы болу әрбір отбасын жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр шаңырақ татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

587322640 1145670694420840 8258073078178795778 n

Айта кетейік, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Өткен жылы Қуаңдария,Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.

Өңірімізде жарияланған «Руханият жылы»аясында аудандарда салынған «Руханият орталықтарының» бірі Қармақшы ауданында бой көтерді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарындажаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді.

Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі.

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп, пікір алмасты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты, алдағы бағдар туралы сауалдарға жауап беріп, жиналған жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдады.

586227952 1145670841087492 1088682398215584718 n
586726379 1145670767754166 3441692585992512801 n
586993813 1145670521087524 8970007432483093014 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика