Сәрсенбі, 26 қараша, 07:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қармақшы ауданы тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды

24.11.2025

12

0

589108587 1145731074414802 7205463808333134712 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданындағы «Руханият орталығында» ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.

Кейінгі жылдары дәстүрге айналған жеке қабылдауларда азаматтарды мазалаған сұрақтар бойынша қажетті іс-шаралар қабылданады, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өткізу орны мен уақыты күн ілгері хабарланғандықтан, тұрғындар өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын мұндай кездесулерге алдын ала жазылады.

Бүгін қармақшылықтар облыс әкіміне, Сенат пен Мәжіліс депутаттарына және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік және құрылыс саласына қатысты мәселелерді қозғады.

589070665 1145731324414777 6513280841280180341 n
589026292 1145731294414780 2708224574630369272 n
589425431 1145731404414769 7109009725716936360 n

Мысалы, аудан тұрғыны Тұрмағамбет ауылына жаңадан мектеп салу мәселесін көтерді. Ал, Төретам кентінен келген зейнеткер теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салып беруді сұрады.

Тұрғындарға көтерілген мәселелердің шешімі заң аясында қарастырылатыны, жауапты құзырлы орган басшыларына тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынатыны түсіндірілді.

«Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда жеке қабылдаулардың, халықпен кездесулердің маңызы зор.

Қабылдауда жалпы саны 50-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 15-тен астам тұрғын өз сұрақтарын қойды.

589193033 1145731154414794 7258350484236187903 n
589585096 1145731254414784 8827221242174009024 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика