Сейсенбі, 01 шiлде, 07:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қанатты қалам – 2025» салтанатты шарасы өтті

27.06.2025

61

0

514258919 1024790773175500 3026980289797614687 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2025» салтанатты шарасы өтті. Басқосуға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, өңірдің БАҚ саласы мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау және жауапты сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа жеткізудегі қаламгерлер рөліне тоқталды.

513290653 1024790706508840 8555272428906106584 n

«Бүгінгі мереке — мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет жасайтын шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың техникалық, көркемдік тұрғыдан толыққанды жарыққа шығуына еңбек сіңіретін оператор, дизайнер, режиссер, инженерлердің мерейлі күні.

Сіздер жаңа бетбұрыстар кезеңінде қоғам мен биліктің арасында алтын көпір болып, жұртшылыққа реформалардың маңыздылығын жеткізуде жауапты міндет атқарып келесіздер.

Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкерлерін Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты қабылдауда жерлесіміз, ақпарат саласында аянбай еңбек етіп жүрген «Qyzylorda» телеарнасының директоры Әмиша Нұрбек Шынтемірұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Бұл — Сыр журналистикасының бүгінгі беталысына берілген жоғары баға.

Мемлекет басшымыз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берген еді.

Осыдан 100 жыл бұрын Қызылорда еліміздің тұңғыш астанасы болған тұста әлеуметтің рухани өмірінде ерекше серпіліс жасалды. Тарихи кезеңде республикалық мерзімді басылымдардың барлығы көшірілді. Ұлттық сөз өнерінің майталмандары, Алаш зиялылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Сәбит Мұқанов журналистік шеберліктерін шыңдап, халыққа ақпарат тарату ісіне белсене қатысты.

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінің ұлттық журналистика тарихында айрықша орны бар. Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар Қызылорда – ұлт баспасөзі мен журналистикасының рухани астанасы екенін айқын дәлелдейді. Тарихи сәттердің куәсі болған ардагерлеріміз бүгінде ортамызда. «Сыр бойымен» бірге сырласындай өмір сүріп келе жатқан Қазақстанның құрметті журналистері – Шәкірат Дәрмағанбетов, Қайырбек Мырзахметов ағаларымыз бен Рысты Бекбергенова апамыз мерейлі 90 жастың үстіне шықты. Осы газеттерден шыққан шығармашылық өкілдері елімізге танылып, қазақ әдебиетінде өзіндік ізін қалдырды. Олар: Асқар Тоқмағанбетов, Жақсылық Түменбай, Тынымбай Нұрмағанбетов, Әскербек Рахымбеков, Асқар Кіребаев, Қази Данабаев, Жолтай Жұмат секілді белгілі ақын-жазушылар.

Аймағымызда Президентіміздің тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстарды, игі бастамаларды халық арасында кеңінен насихаттауда қалалық, аудандық басылымдармен қатар «Халық», «Әлімсақ», «Ұстаз мәртебесі», «Тіл сақшысы», «Сыр мектебі» секілді газет-журналдар мен интернет ресурстардағы бірнеше ақпараттық агенттік белсенді қызмет атқаруда.

Сыр өңірінің жылнамасын, Тәуелсіздік шежіресін жасаудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге зор ризашылығымды, алғысымды білдіремін.

Ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқара беріңіздер! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, шығармашылықтарыңызға шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», — деді Н.Нәлібаев.

513360448 1024790709842173 7144268497143927187 n

Мерекелік жиында салаға ізденісі мен кәсіби шеберлігін арнап, оқырман мен көрермен құрметіне бөленген журналистер марапат төрінен көрінді. Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстық «Сыр бойы» газеті «Руханият» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Беркінбаев «Құрмет» орденімен, республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Әлібек Байшүленов пен «Қоғам ТВ» арнасының шеф-редакторы Баян Құлтанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар тілшілерге облыстың ең жоғарғы наградасы — Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты мен номинациялар табысталды.

Бүгінде Сыр журналистикасының тарихы өзінің ғасырлық белесіне жақындады. Өткен жылы еліміздегі ең байырғы басылымдардың бірі — облыстық «Сыр бойы» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толса, биыл «Кызылординские вести» газеті 95 жылдығын атап өтуде. Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» басылымына 90 жыл, Шиелі аудандық «Өскен өңір», Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеттеріне 85 жыл, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің жарық көргеніне 30 жыл толды.

513644659 1024791049842139 1825990882274461403 n
513749469 3964653733801355 6647810334428829126 n
513196953 2962622700575283 7588190343110710456 n
513838694 1024790843175493 7427042368905346975 n
513519605 1024790993175478 3687676489273683603 n
514086315 1024791083175469 8438894877344963998 n
513478108 1024790919842152 3706332409495324518 n
514239379 1024791126508798 5729744049603245429 n
513597172 1024790756508835 8148664424306658337 n
513899496 1024791223175455 1732379221712908923 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика