Жұма, 31 қазан, 19:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қайсар» футбол клубы ресми түрде жеке басқаруға берілді

31.10.2025

11

0

574076844 3633439770124481 8145851769478570454 n
Фото: Сыр спорты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін баса айтқан болатын.

Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.

Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда.

Айта кетейік, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы легионелерден толық бас тартып, жаңа маусымды жергілікті ойыншылармен бастаған болатын.

Ал, биылғы маусымда «Қайсар» футбол клубы 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика