Сенбі, 14 наурыз, 00:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қайсар арена» стадионында Open Air форматындағы шара өтті

13.03.2026

14

0

651143828 1228931129428129 5017777886584021379 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Қайсар арена» стадионында жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air форматындағы шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі Ақерке Искандерова қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысының баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындаудағы Конституциялық реформаның маңызына тоқталды.

650373293 1228931416094767 3743642778599729373 n

«Президентіміз «Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады» деп атап өтті. Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны болатын жаңа құжатта Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы сақталған. Негізгі идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген, біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған.

Сындарлы сәтте ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Баршаңызды Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын! Еліміз аман, халқымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

649649689 1228931296094779 7891708987266396969 n

Жиында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қорқыт ата университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов сөз сөйледі.

651042111 1228931459428096 7450587183205219602 n
649531612 1228931442761431 7903833148961706089 n
650337633 1228931262761449 331331736796111800 n
652196606 1228931126094796 949213305845569354 n

Сахна төрінде эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

«Қайсар аренаға» жиналған жұртшылық тек қана концерт тамашалаған жоқ, елдің ертеңі туралы ой бөлісті. Өз таңдауын жасаудың, ел болашағына үлес қосудың маңызын ұғынды.

Референдум – демократиялық қоғамның ең басты тетіктерінің бірі. Сондықтан шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бүгінгі кеш жауапкершілікті сезінетін белсенді жастардың, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосқан ерекше кездесу болды.

649170666 1228931192761456 4358708132978568568 n
650699313 1228931342761441 367526242945313149 n
650733197 1228931169428125 7659305815208007789 n
649972580 1228931392761436 8454847146958796710 n
650859737 1228931332761442 3819400286877357733 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика