Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Педагогтармен кездесуде Ата заң жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді

06.03.2026

19

0

a0badbe4 1618 466d a2cc 787db07e6d9f

Қызылорда қаласына қарасты Досан елді мекеніндегі №280 орта мектепте өңірлік коалиция өкілдері педагогтармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға алдағы 15 наурызда өтеді деп жоспарланған республикалық референдум және ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

3d9029ad 6556 4960 9405 410e305e836d

Жиында сөз алған өңірлік коалиция мүшесі Сайлаубай Әбішев мұғалімдердің қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіндегі маңызын атап өтті.

Сондай-ақ коалиция мүшелері Конституция жобасында қарастырылған нормалар жөнінде түсіндірме беріп, білім беру саласына қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында білім берудің қоғам дамуына әсері, мұғалім мәртебесі, инфрақұрылымды жаңарту және тәрбиелік жұмыстың маңызы сияқты тақырыптар қозғалды. Педагогтар өз ой-пікірлерін білдіріп, жастардың қабілеті мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумға қатысты ақпаратпен танысып, пікір алмасу жүргізілді.

e2ea1ed7 1722 4d7c b17a 31fd1c1a7854

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика