Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда мектеп оқушыларының қысқы каникулы ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева айтты.
«30 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында мектеп оқушылары қысқы демалыста. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қысқы каникул 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мектеп мұғалімдері каниекул кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар да нақты елді мекендегі жағдайға байланысты жұмысын жалғастырады. Бұл ретте балабақшалардың көпшілігі балаларды қабылдауда», – деді Мөлдір Әбдуәлиева.