Жұма, 05 желтоқсан, 11:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өтініштер назардан тыс қалмайды

04.12.2025

20

0

Өтініштер назардан тыс қалмайды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар Қорқыт ата-2 көшесіне асфальт төсеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, Азаматтық іс бойынша құқықтық көмек көрсету, тұрақты жұмысқа орналасу және уақытша баспанамен қамту бойынша өтініштерін білдірді.

Филиал төрағасы әрбір мәселеге ерекше назар аударып, шешу мүмкіндіктері қаралатынын жеткізді.

Көшеге асфальт төсеу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау білдіру тақырыптары бойынша тиісті зерттеулер жүргізіп, қолдау көрсетуге жұмыс жасайтынын айтты.

Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты жұмыспен қамту мекемесіне жұмыссыз ретінде тіркелу маңыздылығын атап өтіп, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңес берді.

Уақытша баспана және әлеуметтік көмек көрсету бойынша өтініш білдірген азаматтарға жергілікті атқарушы органдарға сұраныс жолданатыны және демеушілерге ұсыныстар берілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, төраға келушілерге партия бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» және «Қарызсыз қоғам» жобалары бойынша түсіндірме жүргізіп, құжаттар тапсыру заңдылықтары бойынша кеңестер берді. 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика