Сейсенбі, 02 желтоқсан, 22:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды

02.12.2025

12

0

591737177 1151215740533002 266709764046338530 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты басшыларға тапсырма берілді.

«Өңдеу өнеркәсібінің көлемін барынша арттырып, жыл қорытындысымен оң динамикаға жету үшін нақты әрі жедел шаралар қабылдауды тапсырамын. Өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік жоспарын нақтылау керек. Туындаған мәселелерін жедел шешіп, қосымша өсім көздерін анықтаңыздар.

Теміржол вокзалдарының сыртқы келбеті ғана емес, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі де жоғары болуы тиіс. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының облыстық филиалы, көрсетілетін қызмет сапасын қадағалаңыздар. Вокзалдар аумағының абаттандырылуын, көгалдандырылуын, санитарлық тазалығын тұрақты бақылау қажет.

Қала, аудан әкімдері, тек теміржол вокзалдарының аумағы ғана емес, автовокзалдардың, жолдар мен көпірлердің, жол бойындағы май құю бекеттері мен сервистік кешендердің күтіп ұсталуы назарда болуы керек», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Биылғы 10 айда аймақта 328 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде 10,7% өсім тіркелді. Экономиканы әртараптандыру аясында жоспарланған 20 жобаның 13-і іске қосылды, қалған 7-уі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптегі үлесі 12,9% өсіп, өнім көлемі 2,6 есе артты.

Өңір кәсіпорындары цифрлық және автоматтандырылған технологияларды кеңінен қолдануда. Шыны зауыты өнім жинау мен тасымалдауда жапон роботтарын, ал шыны кесуде италиялық автоматты пайдаланады.

Тампонажды цемент зауытының өндірісіне Siemens басқару жүйесі мен интеллектуалды логистика енгізілген. «Мағжан и К» күріш зауыты кореялық толық автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика