Жұма, 20 наурыз, 17:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Өнер орталығында» мерекелік салтанатты жиын өтті

19.03.2026

9

0

654487497 1233586418962600 1765995342153999799 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен еліміздің жаңа Конституциясының қабылдауына орай мерекелік салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа Ата заңның қабылдануымен құттықтады.

652458913 1233586652295910 6034301996742088876 n

«Президентіміз «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі» деп атап өтті.

Жаңа Ата заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды.

Біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған халықтық Конституция еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ақордада өткен салтанатты жиында Президентіміз бүкіл халық атынан жаңа Ата заңымызға, «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Енді Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін боламыз.

Баршаңызды жаңа Ата заңымыздың қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

654237753 1233586612295914 4066113000842383696 n

Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

653170586 1233586202295955 998037145382740726 n
652920865 1233586498962592 2429690282807415251 n
655619938 1233586252295950 1400831890575349038 n

Мерекелік салтанат «Томирис» би ансамблінің, Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің, аймақ өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған заманауи «Құзыреттілік орталығы», тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге 400 пәтердің кілті табысталды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында жаңғыртылған Президент саябағы ел игілігіне пайдалануға беріледі.

653802228 1233586562295919 2646313158198884269 n
654474595 1233586678962574 985135545429878691 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика