Жексенбі, 15 наурыз, 17:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюов өз таңдауын жасады

15.03.2026

6

0

saghatbek

І топ мүгедектігі бар азамат, қоғамдық белсенді С. Сиюов референдум күні дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол азаматтық борышын орындап, ел үшін маңызды саяси науқанға қатысу әрбір тұрғынның жауапкершілігі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалып жатқан жағдайлар олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Референдум барысында да ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай қарастырылғанын айтып, бұл қолдаудың маңызын атап өтті.

Ол азаматтарды бейжай қалмай, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз дауысын беруге шақырды. Оның референдумға қатысуы – азаматтық белсенділік пен қоғамдағы тең мүмкіндіктердің айқын көрінісі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика