Сейсенбі, 26 қараша, 17:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

29.05.2023

310

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңа басшысы таныстырылды.

Облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі және облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Исатай Сәбиұлы Ансат тағайындалды.

Аймақ басшысы Исатай Сәбиұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы міндеттерін атап өтті.

«Соңғы жылдары өңірімізде мұнай-газ өндіру қарқыны төмендеп, шикізат көзі азайып келеді. Мұнай-газ секторына тәуелділіктен арылып, басқа да шикізат көздеріне бағытталған экономиканы әртараптандыру – басты міндетіміз. Өңір экономикасын өркендетуде шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін көтеру аса маңызды. Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы үлесін арттыру, халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану кезек күттірмейді. Исатай Сәбиұлы білімі мен түрлі салаларда жинаған мол тәжірбиесін күрделі де жауапты қызметті мінсіз атқарып, өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамыту мен өнеркәсіпті өркендетуге жұмсайтындығына сенімдіміз», деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев пен Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев Исатай Сәбиұлын құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Исатай Аңсат 1972 жылы дүниеге келген. Қазақ Политехникалық институтын «Есептеу техникасы, кешендері, тараптары және жүйелері», «Болашақ» университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Сырдария мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының инженер экспедиторы болып бастаған. 1997-2002 жылдары екінші деңгейлі банктер мен жеке секторда түрлі деңгейдегі лауазымдарда қызмет атқарған. 2002-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, Астана қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әкімшілік департаментінің басқарма бастығы, 2009 жылдан бастап осы кезге дейін бизнес құрылымында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика