Сәрсенбі, 12 наурыз, 09:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс халқының саны артуда

07.02.2025

249

0

476805497 2203883176673849 8076140304693082490 n
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы халқының саны 2025 жылдың 1 қаңтарында 846,3 мың адам болса, оның ішінде қала халқы 398,4 мың адам және ауыл халқы – 447,9 мың адамды құрады. Сондай-ақ 1 жылдың қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында да өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібі – 19,6%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 2,3%, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 21,7%, құрылыс жұмыстары көлемі – 53,8%, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 16,9% және сауда көлемі – 6,6% артқан. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі Қызылорда облысы бойынша статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.

— Өңдеу өнеркәсібі – 366,9 млрд. теңгені құрап 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 19,6%-ға өсті. Өңірімізде 12 айдың қорытындысы бойынша 3695 тұрғын үй ғимараттары, оның ішінде 3403 жеке тұрғын үй және 287 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға өсіп, 866 мыңнан астам шаршы метрді құрады. Соның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 90,8%-ға, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,1%-ға көбейді. Халық саны қаншалықты артты? Соңғы 5 жылдың ішінде халықтың саны 42,8 мың адамға өскендігі байқалады. Бала туу көрсеткішінің үздіксіз өсуі аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсара түскендігін және халықтың жастығын көрсетеді. Яғни босанатын жастағы әйелдер саны көп. Бір қуанарлығы, 5-6, тіпті 7-ші перзентін дүниеге әкелген алтын құрсақты аналардың саны да кейінгі кезде артып отыр. Жалпы біздің өңірдің туу көрсеткіші және табиғи өсімі тұрақты. Облыстар арасында 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші және табиғи өсім көрсеткіші бойынша тұрақты төртінші орындамыз, — деді Қайрат Байғабылұлы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика