Жұма, 27 наурыз, 20:26

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

27.03.2026

8

0

657089866 4428161624178856 5562335990949130182 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке қабылдады. Бүгінгі қабылдауға 20 адам жазылған, оның біреуі онлайн режимде қосылды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік бағытта қолдау сұрап, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, көше асфальттау, жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелер көтерді.

Аймақ басшысы баспана заң аясында, кезектілік тәртібімен берілетінін баса айтты.

Бүгінде халық сұранысы ескеріліп, өңірде көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Тұрғындарды үймен уақытша қамту жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Бүгінгі қабылдауда төрт балалы жалғызбасты анаға осындай уақытша баспана ұсынылды.

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының ақсақалдары Құмжарған каналын қазу қолға алынғанына, жұмыстың жолға қойылғанына алғысын жеткізді. Канал егістік алқаптарын сумен қамтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға оң ықпал етпек.

Қазалы ауданының тұрғыны өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қатысты мәселе көтерді. Облыс әкімі еңбекпен қамту назардан тыс қалмайтынын, заң аясында қарастырылатынын жеткізді.

Негізі қабылдауда көтерілген мәселелер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Осы жолы да әрбір келушіні толғандырған түйткілге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика