Сейсенбі, 26 қараша, 03:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

24.11.2023

257

0

oblys_akim_qabyldau

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 12 адам келді.

Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу бар.  

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің   сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін  заң талаптарын  негізге алып қарастырады. Қабылдауға келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме  жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің  шешу жолдарын білді.

Мәселен, 36 жастағы қала тұрғыны балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін үйінің жанындағы жол бойына бағдаршам орнатуды сұрады. Аймақ басшысы ол тұсқа түнде жанатын арнайы жол белгілері орналастырылатынын айтты. Ал 49 жастағы қала тұрғыны Жарқынбаев тұйығына асфальт төсеп, жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады. Сонымен қатар қала орталығындағы «Сарқырама» каналын тазарту туралы ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға 3 күн ішінде каналды тазалауды тапсырды. Ал Жарқынбаев тұйығын жарықтандыру және асфальттау  мәселесі жақын күндері қарастырылатынын жеткізді. Әзірше жолға қиыршық тас төселмек.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика