Сейсенбі, 04 ақпан, 09:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады

31.01.2025

44

0

475843459 917516577236254 5376484705431891351 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.

Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны Қаракеткен ауылы және Далдабай елді мекеніне табиғи газ жүргізу жайын қозғады. Облыс әкімі қазіргі таңда аталған елді мекендерді газдандырудың жоба-сметалық құжаттары жасалып, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелер анықталғанын жеткізді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2023 жылы несие алып, жылыжай ашқан кент тұрғыны кәсібін кеңейтуге көмек сұрады. Оған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері жайында түсіндірілді.

Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі кездесуде олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.

Дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылатын болады.

475541886 917524187235493 3128303073928612113 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика