Бейсенбі, 23 қазан, 19:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Мың бала» жобасының өңірлік кезеңі қорытындыланды

23.10.2025

12

0

assambleya 786783c4e5

Қызылорда қаласындағы медициналық жоғары колледжде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік кезеңін қорытындылаған «Өнерлі өрге жүзер» облыстық байқауы өтті.

Шара Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы — этностық топтардың мектеп оқушылары мен жастарына мемлекеттік тілді үйрету арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге, қазақстандық бірегейлік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған іргелі бастама.

Жоба аясында жыл басынан бері облыс көлемінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, дөңгелек үстелдер, шығармалар байқауы, ашық диктанттар, кездесулер және жазғы лагерьлерде ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өткізілді. Барлығы 1000-нан астам жас мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсініп, бірлік пен татулық құндылықтарын терең сезінді.

Байқаудың ашылуында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Өнерлі өрге жүзер» облыстық байқауына Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінен 7 үміткер қатысты.

Байқау қатысушылары төрт кезең бойынша сынға түсті.

«Таныстыру» – бейнеролик арқылы өздерін таныстыру; «Салт-дәстүрді білесің бе?» – қазақтың салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап беру; «Сиқырлы ұяшықтар» – логикалық және танымдық сұрақтарға жауап беру; «Шығармашылық өнер» – ән, би, көркемсөз оқу, музыкалық аспапта ойнау сияқты өнер түрлерін көрсету.

Қазылар алқасы құрамында педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-сарапшы, №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садуакасова Салтанат Мейрамбекқызы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Абдраманова Шакизат Исабайқызы, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы, тіл маманы Асылбек Бану Ғапурқызы болды.

Іс-шара барысында жас қатысушылар мемлекеттік тілге деген құрметін, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге сүйіспеншілігін өнер арқылы көрсетті.

Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Даниил Караченцев, екінші орынды Шиелі ауданындағы №127 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Тимур Жүсіпов, үшінші орынды №5 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Әсмәгүл Ергешбаева жеңіп алды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

ассамблея2.jpg
ассамблея 1.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика