Жексенбі, 16 қараша, 01:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылордадағы жаңа нысандармен танысты

13.11.2025

17

0

579890628 1137224728598770 696039848208066868 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедке қала аумағындағы жаңадан салынған әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарды таныстырды.

Алдымен Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда саябақ аумағында ауқымды абаттандыру жобалары қолға алынған. Бас мердігер Bi Global ЖШС жобаға сәйкес 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңын, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағын, 4 фудкорт, теннис үстелдерін, биіктігі 50 метр болатын айналмалы дөңгелек аттракцион, би алаңын, стритбол, вело және жүгіру жолақтарын, сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдарын, арқан саябағы мен модульдік-санитарлық нысандар орналастырмақ.

580114384 1137224265265483 2746863155289417516 n
581299068 1137224181932158 910346440913564530 n

Саябақта жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) бой көтеріп келеді. Бұл нысандардың бас мердігері Alem Qurylys AQ ЖШС осы аумаққа спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна салуды қарастырған.

Әрі қарай көпфункционалды Өнер орталығында болды. Қала сәулетіне ерекше сән берген ғимаратта бүгінде симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өтеді.

583450749 1137224738598769 8457273794575554232 n

Келесі нысан – балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы. Мұнда бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылданады. Бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы, сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

580448283 1137224225265487 1192634707290542441 n
582042380 1137224601932116 674927278203656333 n

Мұнан бөлек, «Анаға тағзым» орталығын, орталық алаңды, тарихи-өлкетану музейін, қалалық демалыс саябағын, «Қайсар арена» жаңа стадионын да көріп шықты.

Аралаудан соң Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр өңіріндегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың ауқымын жоғары бағалап, өңірдің дамуына оң баға берді.

581715556 1137224378598805 40259881189715356 n

«Қызылорда облысындағы халық санының өсімі — еліміздегі ең жақсы көрсеткіш. Аймақтың халқы ғана емес, бюджеті де еселеп артқан. Жыл сайын жаңа ғимараттар салынуда. 2008 жылы негізі қаланған Президент паркі Қазақстандағы ең ірі демалыс орнының біріне айналады.

Сол жағалау ең алғаш рет сол 2008 жылы қаланың бас жоспарына енгізілген болатын. Бүгінде 30 мың тұрғыны бар жаңа қалаға айналды.

Жаңадан салынған нысандар — Қызылорданың өсіп-өркендегенінің белгісі», — деді Мұхтар Абрарұлы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика