Бейсенбі, 23 қазан, 19:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Менің елім – менің туым»

23.10.2025

11

0

376cac2d a607 4097 a89c 18e17336646f

Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.

Осы ретте «AMANAT» партиясының 25 қазан – Республика күні қарсаңында ұйымдастырған «Менің Елім – Менің Туым» акциясы Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің жалпыұлттық нышанына айналды. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бастамаға Қызылорда қаласының «Жастар Рухы» Жастар қанаты белсенділері, еріктілері мен қала тұрғындары атсалысуда.

Жыл сайын қаламыздағы ғимараттартарға Ту ілетін жастар биылғы жылы Сол жағалауға өтетін аспалы көпірдің көркін келтірді.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңындағы акцияға екі мыңнан астам жас атсалысып, еліміздің түкпір-түкпірінде 10000-нан астам мемлекеттік ту желбіреуде.

b3d22821 fea6 4a02 8c52 dd4389d4d5de
cfb3449f 6f44 4c8c 8b26 320a4f1a3e64
a3c6c83f 5849 43a6 aa3a 05291285f930

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика