Жұма, 22 қараша, 21:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мейрамбек Шермағанбет: Қызылордада 33 мыңнан астам балаға қаржылай көмек берілді

31.08.2022

417

0

Қызылорда облысында 33 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай көмек алды.

Бүгінде облыс бойынша 37 389 теңге көлеміндегі бір реттік қаржылай көмек алған оқушылардың саны 33 312 құрап, меже толығымен орындалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет мәлімдеді.

Сонымен қатар аталмыш қор арқылы қаржы алмайтын балаларға «Мектепке жол» акциясы шеңберінде демеушілер есебінен 7 мыңнан астам балаға 102 млн. теңге көлеміндегі қаржыға көмек көрсетілді.

«Бұл көмек арқылы ата-аналар өздерінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқ киімін өз бетінше таңдай алады. Мұның артықшылығы – бала ата-анасымен бірге таңдаған киіммен мектепке бара алуында. Бүгінде аймағымыз бойынша қаржылай көмекті алатын 33 312 балаға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлініп, бала басына 37 389 теңгеден қаржылай көмек берілді», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Естеріңізге сала кетейік, «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар алады. Ал бұл қор арқылы қаржы алмайтын балаларға демеушілер есебінен материалдық көмек көрсетілуде.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика