Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне мал ұрлығы үшін жауапкершілігін анықтайтын және ауырлататын жаңа бап енгізілді. Бұрын мал ұрлаған тұлғалар ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни, «ұрлық» бойынша жауапкершілікке тартылатын, енді мал ұрлығы ҚРҚК 188-1- бабымен жеке бөлінген.
Енді мал ұрлаған үшін 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл және мүлкін тәркілеп 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, бұрын ұрлық фактісі бойынша 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған болатын.
Бірнеше рет мал ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, жәбірленушімен татуласу арқылы жауапкершіліктен босатылмайды. Ал қылмыс жасаған тұлғаның мүлкі тәркіленіп 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалады.
Қылмыстық топпен аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау мүлкi тәркiленіп, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұрын қылмыскерлер бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Тұрғындардың өз малының қауіпсіздігіне жүрдім-бардым қарауы құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен күресіне кедергісін келтіреді. Олай болса, малыңыз барымташының қанжығасында кетпесін десек, малыңызды таңбалап, падашымен келісім-шарт жасасып, таңбалауды қолға алып, төрт түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз.