Бейсенбі, 15 мамыр, 22:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Майдангердің есімі ұлықталды

15.05.2025

16

0

497758440 3923489804584415 3546845104657672454 n

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Майдангердің ескерткіш-мүсініне гүл шоқтары қойылып, рухына құран бағышталды.

Бұл шараға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев, Ыдырыс Қалиевтің жұбайы және қоғам қайраткерлері қатысып, ел ақсақалы болған ардагердің өнегелі өмірінен естеліктер айтты.

497901213 3923489837917745 95698716462585612 n

Өз дәуірінің дара тұлғасы, Сыр елінің парасатты перзенті Ыдырыс Қалиев өмірін халқына қызмет етуге арнады. Ол екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы аудандарының «Құрметті азаматы» атанды.

Майдангерді еске алу шарасы облыстық ғылыми-танымдық конференциямен жалғасуда.

497505309 3923489831251079 8419903088872974792 n
498012445 3923489857917743 6801159874528212015 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика