Сейсенбі, 11 наурыз, 22:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Коммуналдық сала қызметкерлерін марапаттады

03.03.2025

57

0

481488789 938105528510692 1442859789323521489 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов және жауапты сала басшылары «Қызылорда тазалығы», «Жасыл Қызылорда», «Қызылорда автобус паркі» мен «Қызылордажылуэлектр орталығы» мекемелеріне барды. Мерекеге орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен жұмысшыларға аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.

“Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тазалық сақтауға аянбай атсалысудасыздар. Қала халқының тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан ырғақ бұзылмау үшін жолаушылар тасымалы, коммуналдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етеді. Тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп, әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді. Сіздер, жұртшылыққа жайлылық, елге қуат, жанға шуақ сыйлап келесіздер. Тұрмыс- тіршілігіміздегі аса маңызды салалардың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін аймақ басшысының алғысын жеткізуге арнайы келдім”, — деді Шахмардан Байманов.

481076553 938105475177364 6838489381848703155 n
481494150 938105551844023 823634

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика