Дүйсенбі, 13 қазан, 21:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көрнекі ақпарат сауатты жазылуы тиіс

09.10.2025

27

0

557737931 1926247271266667 1054112044440456294 n

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Онда өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі сауатты қолданылуы, заңнама талаптарының сақталуы талқыланды. Жиынға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары қатысып, өңірдегі тіл саласына жауапты өкілдермен өзара тәжірибе алмасты.

557724225 1926247157933345 8318374826511813775 n

Семинарды облыстық қоғамдық да­му басқармасы басшысының орын­баса­ры Уәлихан Ибраев кіріспе сөзбен ашып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арт­тыру мен оның қоғамдық кеңіс­тіктегі қол­да­нылу сапасын көтеру ба­ғытындағы жұ­мыстардың маңызды­лығына тоқталды.

Жиында «Халықаралық «Қазақ ті­лі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қы­зылорда облыстық филиалы мен бас­қарма арасында ынтымақтастық ту­ралы меморандумға қол қойылып, ал­дағы ортақ жұмыстардың бағыттары ай­қындалды.

562303294 1926247154600012 6533652557505788342 n

Облыстық қоғамдық даму басқар­ма­сының тілдерді дамыту және оно­мас­ти­ка бөлімінің басшысы Ә.Әлиева «Қы­­­зыл­орда облысындағы көрнекі ақ­па­­раттың жай-күйі туралы», А.Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі инс­ти­ту­ты әлеуметтік лингвистика бө­лімінің меңгерушісі, филология ғы­­лым­дарының кандидаты Г.Исаева «Жар­нама мәтін­дер ішкорпусы: көр­некі ақпа­ратты зерт­теудің жаңа мүм­кін­діктері», Алматы қа­лалық ішкі сая­сат басқармасының бас маманы А.Нұрғазы «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тіл туралы заңнамасы та­лап­тарының сақталуы», Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университетінің про­фес­соры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов «Мемлекеттік тіл­дің көрнекі ақпарат пен жарнама са­ла­сындағы қызметі» тақырыптарында хабарлама жасады.

Ә.Әлиева өз баяндамасында мем­ле­кеттік тілдің қолданысы аясында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуде жыл бойы облыс орталығында және аудандарда көптеген ақпараттық, насихаттық іс-шара атқарылғанын атап өтті.

– Мемлекеттік тілдің кеңінен қолда­нылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар бойынша заңнама талапта­рына енгізілген өзгерістер туралы «AMANAT» партиясы жанындағы аза­мат­тық қоғам мен мәдениетті дамыту жө­ніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысында, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы білім саласы және әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда қызметін көрсету, туризм сала­­лық кеңесінің бірлескен отырыс­та­рын­да ақпараттандырылып, тіл мә­селе­лері тұрақты қаралып келеді, – деді ол.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты өкілдері көрнекі ақпараттар, көше бойына жарнама орналастыруда көптеген қиындық туындайтынын, әйтсе де кез келген мәселе ҚР Тіл туралы заңының аясында мемлекеттік тілдің мәртебесіне сай шешімін тауып отырғанын айтып, тәжірибесін бөлісті.

Жалпы семинарда мемлекеттік тіл­дің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілді қол­дануда заң талаптарын сақтау, сала ба­засындағы статистикалық деректер мен есептілік сапасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ об­лыстағы мем­лекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тіл­дерді дамыту ба­ғытында нәтижелі жұмыстар ат­қа­рып жүрген сала мамандары марапатталды.

Ғазиза ӘБІЛДА

syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика