Сейсенбі, 01 шiлде, 06:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

26.06.2025

68

0

513124864 1023859753268602 909137895422170494 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Арал ауданындағы «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 14 мамырдағы аймаққа жұмыс сапарында Үкімет пен облыс әкімдігіне «Көкарал» бөгетін қалпына келтіруде шұғыл шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Осы тапсырма бойынша «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жобаның жалпы құны – 4,5 млрд теңге. Тапсырыс беруші – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жобаның мердігері – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы.

Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2026 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңде жұмыс кезең-кезеңімен қаржыландырылып келеді.

Жоба шеңберінде зақымдалған бөгет қалпына келтіріліп, «Қарашалаң» көлі арқылы теңізге екі арна және «Тұщы» көлі арқылы бір арна қазу жоспарланған. Бұл Кіші Арал теңізінің оңтүстік бөлігінде тұрақты су айналымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған ірі экологиялық жоба Арал өңірінің табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге, су ресурстарын тиімді пайдалануға және жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

512681225 1023859749935269 2766136888595748088 n
512715066 1023859756601935 7614899005212230335 n
513279542 1023859836601927 8851671019029290200 n
513874435 1023859833268594 2048963697350611749 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика