Сейсенбі, 03 наурыз, 19:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Энергетика саласының өкілдеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

03.03.2026

6

0

58b3ba63 00f8 4dbb 87f6 a938e8d26906

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Қазалы ауданына жұмыс сапарында аудандық электр торабы мекемесінің ұжымымен кездесті. Жиында Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Мұрат Тлеумбетов, өңірлік коалиция мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Ержан Искендер, Садық Мұстафа мен аумақтық коалиция мүшелері ұжымға Ата заңға енгізіліп отырған негізгі өзгерістерді және олардың қоғам үшін маңызын кеңінен түсіндірді.

Жиында Мұрат Тлеумбетов «Жаңа Конституция не үшін қажет?» деген сұраққа тоқталып, оның еліміздің дамуындағы маңыздылығын атап өтті.

28c317e7 482d 4641 93df 67ff795b4b3d

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция еліміздің бірлігін сақтауға үлкен үлес қосты. Алайда уақыт өзгерген сайын заң да жаңарып отыруы тиіс. Соңғы отыз жылда еліміз түбегейлі өзгерді, жаңа ұғымдар мен құндылықтар қалыптасты. Сол өзгерістерді құқықтық тұрғыда реттеу үшін жаңа Конституция қажет. Ұсынылған Конституция жобасы ұзақ әрі жан-жақты жұмыс нәтижесінде әзірленді. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы алты ай бойы жұмыс жасады. Азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан 10 мыңнан астам ұсыныс түсті. Заманауи сын-қатерлер мен қоғам сұраныстарды ескере отырып Конституциялық комиссия дайындалған жобаны көпшілікке ұсынды. Сондықтан әрбір қазақстандық реформалардың мәнін түсініп, саналы таңдау жасауы маңызды», — деді Конституциялық комиссияның мүшесі Мұрат Жолкелдіұлы.

abcc6fca 29b4 4d3d 89fd 48aa66e3ae45

Сонымен қатар, өзге спикерлер Конституция жобасында еңбек адамының мәртебесін арттыруға, кәсіби шеберлік пен еңбексүйгіштік құндылықтарын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды нормалар көзделгенін жеткізді. Бұл бастамалар қоғамда еңбектің қадірін арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты.

Ұжым қызметкерлері мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететінін білдірді. Сонымен қатар, референдум әрбір азаматқа ел болашағына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика