Жексенбі, 23 ақпан, 02:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Инвестициялық керуен» іс-шарасы өтті

19.02.2025

105

0

investicziyaly keruen 78b71569df

Облыстық прокуратураның ұйымдастырумен кәсіпкерлер  мен инвесторлар үшін «Инвестициялық керуен» іс-шарасы өтті.

Мәжіліске облыс прокуроры Р. Ожаров төрағалық жасады. Облыс әкімінің орынбасары Б. Жаханов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Әбілқайыров, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы директорының орынбасары И.Қуанышов қатысты. Сонымен қатар, кездесуге облыстың ірі инвестициялық жобаларының жоба бастамашылары және бизнес өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытының өндіріс директоры Ғ. Қуатов, «Aksa Energy» компаниясының қуаттылығы 240 МВт құрайтын жылуэлектр орталығы жобасының директоры Алган Сарачоглу, жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету «Марал нұр» ЖШС директордың орынбасары О. Уткелбаев, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептерге, балабақшаларға және кеңселерге жиһаз өндірісімен айналысатын «Панабек» ЖШС директоры А.Панабеков және тағы да басқа кәсіпкерлер қатысып өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Мәжілісте облыстық прокуратураның басқарма бастығы Б.Тоқмырза өз баяндамасында прокуратура органдары тарапынан атқарылған жұмыстар және «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, шағын және орта кәсіпкерлік үшін бизнес-ахуалды жақсарту жұмыстарын одан әрі іске асыру мақсатында енгізілген заңнамалық түзетулер туралы  атап өтті.

Сонымен қатар, облыс прокурорының аға көмекшісі А. Есқараев телеграм каналында ашылған «Инвестор. Бизнес. Защита» атты боттың пайдалану презентациясын жасады.

Одан бөлек, кездесу барысында инвесторлармен (кәсіпкерлермен) заңнама талаптарын түсіндіру, проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Кездесу соңында іс-шараға келген бизнес-өкілдері «Aksa Energy» компаниясының қуаттылығы 240 МВт құрайтын жылуэлектр орталығының құрылысымен танысты.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика