Бейсенбі, 14 тамыз, 00:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Инвестиция тарту жұмыстарының ауқымы кеңейді

12.08.2025

33

0

531866007 1060351726286071 4447472499860080281 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысы Жаркент қаласына жұмыс сапары кезінде «Жаркент крахмал-сірне зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік үдерісімен танысты.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік алаңдарын аралап, жүгеріден крахмал мен сірне өндіру технологиясын көрді. Зауыт басшылығымен өндірістік қуаттылық, шикізатпен қамтамасыз ету, экспорттық бағыттар және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«Жаркент крахмал-сірне зауыты» – еліміздегі жүгеріні терең өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Жылына 200 мың тоннаға дейін жүгері өңдеуге қауқарлы зауытта крахмал, сірне, глютен, мал азығына арналған өнімдер шығарылады. Өнімнің бір бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалғаны Қытай, Орталық Азия және ТМД елдеріне экспортталады.

Облыс әкімі өңірлік өңдеу өнеркәсібін дамытуда мұндай кәсіпорындардың тәжірибесі ерекше маңызды екенін атап өтіп, аймақтағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жоспарларды бөлісті.

Басқосуда осы өндірістік жобаны Қызылордада іске асыру мүмкіндігі, инвестициялық әріптестік жайы талқыланды.

531627605 1060351729619404 6360295830528029325 n
532127198 1060351906286053 4891452117730951868 n
531805816 1060351829619394 1727722388944845668 n
531246579 1060351909619386 630562023060899414 n
530788940 1060352092952701 8297396473318628834 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика