Бейсенбі, 19 ақпан, 00:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті

18.02.2026

16

0

40d28f2b 18f1 426a a97f 4f4392e5e18b
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Республикалық референдум аясында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

041c9116 1f99 47c8 9403 f4ce26bba1b0

«Конституциялық реформа жөніндегі жалпыхалықтық талқылаулар жарты жылға жуық уақыт әртүрлі алаңдарда өтті. Бұл – қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты.

Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.

Жалпыхалықтық референдум Тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму кезеңін айқындап, ел тарихында жаңа белестің басталуына негіз болады деп сенеміз.

Президентіміздің бастамасымен елімізде соңғы жылдары қолға алынған саяси реформаларды жүзеге асыруда Сыр өңірі береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.

Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын алдағы маңызды саяси кезеңде Сыр жұртшылығы еліміздің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын білдіріп, жаңа Конституцияның жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

34b5be30 9006 4f69 9d90 46b07a21d36d

Жиында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Сейітқалиұлы, білім саласының ардагері Райкүл Мансұрқызы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Анар Жарылқасынқызы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Бекмағамбетқызы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиұлы пікір айтты.

4c4a724c e27f 4dc3 9d3e 03f2edf6bde1

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика