Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:03

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Халықаралық «Невада – Семей» қозғалысының облыстық бірлестігі мүшелерінің ҮНДЕУІ

06.09.2024

126

0

Халықаралық «Невада – Семей» қозғалысының облыстық бірлестігі мүшелерінің ҮНДЕУІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетіндігін жеткізді.

Біз, Қызылорда халықаралық «Невада – Семей» қозғалысының облыстық бірлестігінің мүшелері Президентіміздің референдум өткізу бойынша ұсынысын қолдаймыз және Атом электр станциясын салу қазіргі жағдайда еліміз үшін өте маңызды деп білеміз.

Бүгінде Атом энергетикасы тұрақты және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жаһандық жылыну және дәстүрлі энергетикалық ресурстардың сарқылуы жағдайында атом электр станциялары көміртегі шығындарын азайтудың және сенімді энергетикалық инфрақұрылымды қамтамасыз етудің тиімді әдісін ұсынады.

Ресурстары мол және электр энергиясына қажеттілігі артып келе жатқан Қазақстан үшін атом электр станциясын салу стратегиялық маңызды қадам.

Біз, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген «Атом солдаттары», әскери мақсаттағы атом мен бейбіт атомның аражігін жақсы түсінеміз және бүгінгі таңда атом электр станциясының құрылысы елдің тұрақты дамуы мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі ретінде қабылдаймыз.

Біз, атом электр станциялары қазба энергия көздеріне тәуелділікті азайтып ғана қоймай, жаңа технологияларды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететіндігіне сенеміз.

Біз, ядролық апатқа қарсы қозғалысының мүшелері елімізде атом энергетикасын дамытудағылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялардың әлеуеті жоғары екеніне сенеміз.

Біз, елімізде атом электр станциясының салынуын қолдау, бұл тұрақты болашаққа деген ұмтылыс пен энергетикалық және экологиялық шешімдердің заманауи жолы деп білеміз.

Біз, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада – Семей» қозғалысының облыстық бірлестігінің мүшелері елімізде Атом электр станциясын салуды қолдаймыз!

5.jpg
6.jpg
7.jpg
9.jpg

Қызылорда облысы бойынша 

«Қызылорда «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 С.Ы. Әбіш және «Атом солдаттары»

Қызылорда,

3 қыркүйек, 2024 жыл.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика