Жұма, 04 шiлде, 00:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Фракция мүшелері Сығанақ қалашығындағы археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстармен танысты

03.07.2025

11

0

amanat1
Фото: «AMANAT» партиясы

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының бір топ мүшелері облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және аудан әкімі Мәжит Сәмитовпен бірге Жаңақорған ауданындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш – Сығанақ қалашығында болды.

Сапар мақсаты – мемлекет тарапынан, оның ішінде облыстық және республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржыға атқарылған археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстардың барысымен танысып, нақты жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды көзбен көру.

Қалашық Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, Қызылорда қаласынан шамамен 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Сығанақ қалашығы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енген. Қалашыққа 2003-2013 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті есебінен, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Фракция мүшелері Сығанақ қалашығындағы археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстармен танысты

Фракция мүшелері сапар барысында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесін көріп, қорғаныс қабырғасы бойында аршылған құрылыс нысандары мен мешіт орны, қыш күйдіру пештері, табылған қыш құмыралар, сүйектен, қыштан дайындалған бұйымдар, тиындар, алтын жапсырмалар мен әшекейлер, керамикалық ыдыстар, қыш қаптамалардың жай-күйімен танысты. Жалпы қалашыққа 2018-2021 және 2023-2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан республикалық бюджет есебінен ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілген. Аталған жұмыстарды биыл да жалғастыру жоспарлануда.

Танысу барысында фракция мүшесі Гүшат Мұсавеа «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы және партия жанындағы мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған «MIRAS» аймақтық кеңесімен ұлттық мұрамызды сақтау, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жасап келеді. Оның ішінде осындай тарихи-мәдени ескерткіштерімізге кюар кодтар орнату, оларға орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, вандализмнен қорғау жұмыстары партияның ерекше назарына алынғандығын атап өтті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика