Kyzylorda-news.kz. Telegram-да Киевте түсірілген тәртіпсіздіктердің ескі видеосы таратылуда. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлайды.
Telegram-арналарда Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылуда. Бұл фейк.00:0001:30
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылғы ақпан айында Киевте Майданда болған наразылық шарасы кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға қатысы жоқ.