Жексенбі, 13 сәуiр, 02:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды

08.04.2025

152

0

489673321 966423092345602 855202
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, капсуласы салынды. Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, қала әкімі, жауапты сала басшылары, тұрғындар қатысты.

Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған.

Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында.

Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыру.

489697702 966423269012251 664589
489567073 966423422345569 660826

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика