Сенбі, 12 шiлде, 09:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Cу, балық шаруашылығы, ветеринария мекемелеріне қызметтік және арнайы көліктер тапсырылды

11.07.2025

37

0

518142282 1035717752082802 4832572727374915950 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен су, балық шаруашылығы, ветеринария қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен сала қызметкерлері қатысты.

Аймақ басшысы су, балық, мал шаруашылығы және ветеринария салаларында атқарылған жұмыстарды саралап, жиналған жұртшылықты кәсіби мерекемен құттықтады.

518310805 1035717362082841 8935527678260220806 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз!

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деді. Бұл – экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.

Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы су шаруашылығы қызметкерлерін Ақордада қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты қабылдауда жерлестеріміз, сала ардагері Сұлтанбек Тәуіпбаев «Парасат» орденімен, «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров, «Қызылорда су торабы» өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехнигі Мақсұт Өтеулиев «Құрмет» орденімен наградталды. Бұл – аймағымыздағы су шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға берілген жоғары баға.

Алаштың анасы атанған Сыр елі еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал да адал жандарға, еңбек адамдарына кенде емес. Біз еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетіп, ғибратты ғұмырын жастарға үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырып келеміз. Бұл – біздің басты парызымыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

518292818 1035717778749466 32981

Салтанатты шарада «Құрмет» орденімен су шаруашылығы саласының ардагері Бегеш Жақып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазалы су торабы» өндірістік учаскесінің басшысы Болат Асербаев , «Су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен ардагер Әділхан Қарлыханов марапатталды.

Саланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерге ҚР Премьер-министрінің Алғыс хаты, «Балық шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, «Су шаруашылығының ардагері» және «Қазақстан Республикасы су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация министрлерінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Іс-шарада 42 қызметтік автокөлік пен 65 арнайы техниканың кілті аталған салалардың мекемелеріне берілді.

517257779 1035717325416178 5425869107634394832 n
518256821 1035717195416191 1767410126383284439 n
518794808 1035717735416137 13493
517722206 1035717438749500 61555
518583981 1035717402082837 20099
517981326 1035717315416179 35667
516941704 1035717278749516 38061
517224980 1035717395416171 48308

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика