10 тамыз – Абай күні. Бұл атаулы дата Үкімет қаулысымен 2020 жылдың 5 тамызында бекітілген болатын.
Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілген бұл күн жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді. Ұлы ақынның мұрасын дәріптеу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.