Жұма, 19 сәуiр, 20:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Борыш жүктемесін азайту қарыз алушылардың өтініші бойынша реттелуі мүмкін

09.11.2022

200

0

Өткен жылы проблемалық берешектің өсуін шектеу үшін кредиттер бойынша берешекті сотқа дейін реттеудің заңнамалық тәртібі енгізілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жыл басында микроқаржы ұйымдарынан (бұдан әрі – МҚҰ) азаматтардың микрокредиттер бойынша проблемалық берешегінің деңгейін азайту жөніндегі жеке жоспарларды талап етті.

Жеке жоспарлар шеңберінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің негізгі көлемі тиесілі 30 МҚҰ-да 2022 жылдың соңына дейін 567 мың төлемге қабілетсіз қарыз алушының проблемалық берешегін реттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 432 мың қарыз алушының кредиттері бойынша 33,1 млрд теңге сомасындағы проблемалық берешекті қайта құрылымдау, кепілсіз микрокредиттер бойынша 107 мың қарыз алушының 800 млн теңге сомасындағы проблемалық берешегін ішінара есептен шығару және 28 мың қарыз алушының қарызы бойынша 600 млн теңге сомасындағы қарызды толық есептен шығару.

Бүгінгі таңда проблемалық берешекті қайта құрылымдау тәртібі заңнамада белгіленген. Қазір борыш жүктемесін азайту қарыз алушылардың өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ қарыз алушының  қаржылық жағдайын, оның кірісінің деңгейін, әлеуметтік мәртебесін және өмір сүру жағдайларын жеке талдау негізінде айқындайды. Бұдан басқа, МҚҰ проблемалық берешекті қарыз алушы үшін жақсартатын талаптармен біржақты тәртіппен дербес қайта құрылымдауға құқылы. Проблемалық берешек толық немесе ішінара есептен шығарылған жағдайда, МҚҰ ХҚЕС стандарттарына сәйкес, есептен шығарудан болған зиян өтелетін провизияларды қалыптастырады.
Қайта құрылымдауды жүргізу туралы ақпарат қарыз алушының кредиттік тарихында көрсетілетінін атап өткен жөн.

Тағы да оқыңыз: