Сейсенбі, 24 ақпан, 02:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бірлік пен жауапкершілік – жаңа кезең талабы

23.02.2026

8

0

b5d6ac85 f5fc 47f7 9137 509414c4f9b4 1

Қызылорда облысында Жалпыұлттық коалицияның өңірлік және қалалық өкілдері қаладағы «Өнер орталығында» мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда жаңа Конституция жобасының маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, ел дамуының стратегиялық бағыты, құқықтық реформалардың мәні және алдағы жалпыхалықтық таңдау төңірегінде салмақты пікірлер айтылды.

Кездесуді ашқан қалалық коалиция төрағасы Ибадулла Құттықожаев жаңа заң жобасының мазмұны мен тарихи маңызына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған Ата заң жобасының 84 пайызы жаңартылып, уақыт талабына сай қайта қаралған. Бұл – ел өміріндегі ауқымды өзгерістердің нақты көрінісі. Комиссия мүшелерінің жүйелі әрі табанды еңбегінің нәтижесінде халық сұранысына толық жауап беретін, заман үдерісімен үндесетін құжат әзірленді.

25943562 8274 4c4c 9192 f4b9d92794d8

«Бұл құжат – тек құқықтық негіз ғана емес, елдің ертеңіне бағытталған стратегиялық бағдар», — деді ол.

Сонымен қатар, ол мәдениет қызметкерлерінің қоғамдағы айрықша рөліне ерекше тоқталды. Өнер адамдары қай кезеңде де халықпен бірге болып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарихи сананы жаңғыртып келеді. Сондықтан ел тағдырына қатысты маңызды бастамадан тыс қалмай, 15 наурыз күні өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытады деген сенім білдірді.

Өңірлік коалиция мүшесі Садық Мұстафаев өз сөзінде өңірдің спорт саласында атқарылған жұмыстарды мысалға келтіре отырып, бірлік пен жүйелі еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерді бағындыруға болатынын айтты.

«Әр маманның арманы – өз саласын жаңа деңгейге көтеру, тың бастамаларды жүзеге асыру. Сол сияқты әрбір азаматтың басты мақсаты – елінің еңсесін тіктеп, тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтау. Жаңашыл бастамаларды қолдау – ортақ жауапкершілігіміз, — деді ол.

Ал қалалық коалиция мүшесі Мақаш Талғат мәдениет ұжымдарының қоғамдық-саяси науқандарда әрдайым белсенділік танытып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, өнер саласының өкілдері елдік мүдде тұрғысынан пайым жасап, 15 наурыз күні дұрыс таңдау жасайды.

Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызын талқылады. Басқосу еркін пікір алмасу алаңына айналып, мәдениет саласы өкілдерінің азаматтық ұстанымы мен қоғамдық жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындады.

Жиын қорытындысында қатысушылар алдағы тарихи сәтте ел болашағына бейжай қарамай, бірлік пен тұрақтылықты нығайту жолында белсенділік танытатындықтарын жеткізді.

efbc28b0 4f61 4b8e 8d6b 1ece66fd040e

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика