Сейсенбі, 11 наурыз, 21:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды

03.03.2025

52

0

eskertkish ta ta ashyluy c06e9a57a3

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы «Достық үйінде» «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Республика бойынша біріңғай үлгіде жасалған ескерткіш, барлық өңірлерде бір мезетте ашылды.

Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ескерткіш тақта — Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.

Ескерткіш тақтаның ашылуы.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика