Жұма, 20 ақпан, 20:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Білім мен инновация – жаңа Конституцияның басты басымдығы

20.02.2026

13

0

38d56835 0d55 4f5a bb59 eadc8ea4ad13

Бүгін республикалық коалиция мүшелері Руслан Рүстемов пен Мұрат Ергешбаев, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, қалалық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев және орынбасары Гүлшат Мұсаева Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі ұжымымен кездесті.

e5da962c 3958 4940 9b25 2495a55d8a8f

Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, қоғам сұранысына сәйкестігі және алдағы референдум мәселелері талқыланды.

Сенат депутаты Руслан Рүстемов конституциялық өзгерістердің мазмұнына тоқталып, олардың заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді нақтылауға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ Конституция жобасын әзірлеу барысында азаматтардан түскен ұсыныстар арнайы комиссияда қаралғанын атап өтті. Мысал ретінде Қызылорда облысының тұрғыны Махамбетәлі Әбдіхамитұлының мемлекеттік гимн атауына қатысты терминологиялық ұсынысы қаралғаны айтылды.

Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев жоба аясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, өкілді органдардың рөлін күшейту және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қамтылғанын жеткізді.

Өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов ұсынылып отырған өзгерістердің аймақтық даму мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне ықпалы туралы пікір білдірді.

Қалалық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев жоба мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігіне қатысты нормаларды қамтитынын айтты. Ал Гүлшат Мұсаева референдумның конституциялық өзгерістерді қабылдау тетігі ретіндегі рөліне тоқталды.

Кездесу барысында колледж ұжымы тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасу өтті. Қатысушылар Конституция жобасына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика