Сәрсенбі, 27 қараша, 03:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Белкөл кентінде мәдениет үйі салынады

07.09.2022

388

0

Алдағы уақытта Белкөл кентінде мәдениет үйі бой көтереді. Оның құрылысын жүргізу үшін Қызылорда облыстық құрылыс басқармасы арқылы құны 604 млн. теңгені құрайтын жоба-сметалық құжат әзірленіп отыр. Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Алдымен жылу маусымына орай қалада атқарылған жұмыстарды тізбелеген қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ғалымжан Қайназаров бүгінгі күнге жылу орталықтары бойынша жөндеу шаралары кестеге сәйкес орындалғандығын айтты.

Сондай-ақ, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерге жылу беру маусымы кезінде халық арасында дүрбелең туындамауы үшін қатты отын қорымен осы кезден бастап қамтамасыз етуі керектігі жөнінде тиісті хаттар жолданып, тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырғандығын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттері туралы, атқарылған және әлі де атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде баяндады.

Кентте бұқаралық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт кешенінде 300-ге жуық бала спорттың бірнеше түрімен шұғылданады.

Жоспардағы игі істің бірі – алдағы уақытта Белкөл кентінде мәдениет үйі бой көтереді. Оның құрылысын жүргізу үшін облыстық құрылыс басқармасы арқылы құны 604 млн. теңгені құрайтын жоба-сметалық құжат әзірленіп отыр.

Келесі болып мінберге көтерілген қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбек Әзірбек қала бойынша барлығы 9036 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылғанын айтып, алдағы егін жинау науқаны ұйымшылдықпен атқарылып, қысқа мерзімде егінді жинап алудың шаралары өз дәрежесінде жүргізілуде деді. Ал, жылда осы науқанда бағасы қымбаттап, тапшылық орын алатын жанар-жағар май мәселесі шешімін тауып, кәсіпкерлермен орнықты келісімдер жасалынған.

Тиісті сала басшылары мен Белкөл кентінің әкіміне шаһар басшысы Асылбек Шаменов жеке-жеке тапсырма жүктеді. Әсіресе, жылу маусымына дайындық жұмыстарында кемшілік жібермеуді, барлық қызметтерді ұтымды ұйымдастырып отыруды тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика