Сәрсенбі, 04 наурыз, 15:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Азаматтық қоғам институттарына қолдау – тұрақты дамудың негізі

04.03.2026

9

0

645622079 2046821525875907 3315981303468178607 n

Азаматтық қоғам – ел дамуының, демократиялық қағидаттардың орнығуы мен қоғамдық келісімнің негізгі тірегі. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді байланысты нығайтып, азаматтық бастамалардың жүзеге асуына жол ашатын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Азаматтық қоғамның тұрақты дамуы – елдің өркендеуі мен қоғамдық тұрақтылықтың басты кепілі.

«Достық үйінде» 27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциялық моделі: қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығы» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы» қауымдастығының төрайымы Анар Ізден, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қоғам белсенділері, сарапшылар, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет үкіметтік емес ұйым өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңірде азаматтық қоғам институттарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

645114960 2046820952542631 727694199955482519 n

«Азаматтық қоғам – ел дамуының, демократиялық құрылымдардың және қоғамның әлеуметтік-рухани бірлігінің негізгі тірегі. Оның дамуы елдің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін шешуші мәнге ие. Өңірімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі негізде орындау мақсатында нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен барлық аудандарда салынған «Руханият орталықтарында» Үкіметтік емес ұйымдарға, ардагерлер мен аналар кеңестеріне, этномәдени бірлестіктерге, жастар ұйымдарына арнайы жабдықталған кабинеттер беріліп, оларға орталықтың барлық әлеуетін пайдалана отырып азаматтық қоғамның дамуы мен белсенділігін арттыруға бар жағдай жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 5-і қаңтарда пайдалануға берілген біз бас қосып отырған «Достық үйінде» облыстық Азаматтық Альянсқа аймақ басшысының тапсырмасымен қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген арнайы жұмыс кабинеті берілді. Баршаңызды атаулы мерекелермен құттықтай отырып, азаматтық қоғамның дамуына, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жұмыс жасауына, әлеуметтік бастамалардың табысты жүзеге асуына сәттілік тілеймін», — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

646072262 2046821229209270 5154822648456549267 n

Жиын барысында, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зейнар Тажиева «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жанат Сапаржанова Қызылорда облысы бойынша «Gamma MMA» федерациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейбітжан Қобланов «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсұлтан Жорғабаев баяндамаларын оқып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында өңірдің қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып жүрген бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдеріне облыстың ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасы» және облыс әкімінің «Алғыс» хаттарымен марапатталып, ескелік суретке түсті.

645304850 2046823079209085 5743109610816177826 n
646154435 2046823215875738 1328316653698845868 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика