Сейсенбі, 04 қараша, 02:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Азаматтарға алғыс айтты

03.11.2025

15

0

574038343 1128762672778309 5397280012654584024 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, қала әкімі Нұржан Ахатов, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Данияр Еренғалиұлы Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді атсалысқан, Мемлекет басшысының жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Өздеріңізге белгілі өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандарда болды. Бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті.

Атқарылған істерге «Облыс жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары» деп оң баға берді. Бұл – Мемлекет басшысының биік сенімін ақтап, халыққа адал қызмет жасаудың, елдік мұрат жолында білімі мен білігін жұмсаудың, ел үшін аянбай еңбек етудің үлгісін танытқан, барша жерлестерімізді береке-бірлікке ұйытқан аймақ басшысының қыруар жұмысты ұтымды ұйымдастыруының нәтижесі.

Мемлекет басшысының жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін Сіздерге Нұрлыбек Машбекұлының риясыз алғысын жеткіземін. Алдағы уақытта да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек ете бергейсіздер! Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы қызметтеріңізге биік абырой, Өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», – деді Д.Жаналинов.

573525215 1128762566111653 4705261181675192431 n
574056552 1128762752778301 8566450139840037141 n

Жиында бірқатар қызметкерлер облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының құрметті азаматы Шакизат Төребаев құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелеріне ізгі тілектерін жеткізді.

573905368 1128762676111642 3549834771698757155 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика