Бейсенбі, 14 тамыз, 00:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ауқымды жобалардың құрылысы бақылауда

09.08.2025

35

0

530129843 1058198996501344 6487492894557393510 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және жауапты сала басшыларымен бірге 11 мың орындық стадионның құрылыс алаңына барды.

Жаңа стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ бар. Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыруға, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған, емдік массаж бөлмелері қарастырылған. Медпункт, допингтік бақылау бөлмесі, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан.

Ал шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу залдары, қыздырыну бөлмесі бар.

530602689 1058199059834671 3691159843666166028 n

Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтармен және VIP-кабинеттермен қамтылған.

4 автобусқа арналған автотұрағы, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын және резервуармен жабдықталған. Газон төселген стандартты өлшемдегі футбол алаңы бар. Сондай-ақ, мұнда балалар мен жастар үшін түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Стадион қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Одан кейін аймақ басшысы өңірдегі электр және жылу энергиясының тапшылығын шешу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Инвестор «Акса энерджи» түрік компаниясы орталық құрылысына 137 млрд.теңгеден астам инвестиция салды.

529242095 1058199039834673 7895591220068721726 n
530107028 1058199086501335 8158203789944815764 n

Жоба аясында 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығы салынады. Бүгінде құрылыстың 70 пайызға жуық жұмысы біткен.

Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд.теңгеге орталыққа дейінгі 45 шақырым газ құбыры, автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды.

Құрылыс алаңында 1200-ден астам адам және 130 арнайы техника жұмыс жасауда. Жұмысшылардың негізгі бөлігі — жергілікті тұрғындар.

Станцияны осы жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарланған. Бірінші кезекте 1 газотурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады.

Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, өңірдің энергетикалық әлеуетін едәуір күшейтіп, ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз қалайды.

Облыс әкімі бұл жобалардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын айтып, сапаға баса мән беруді тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика