Сейсенбі, 11 наурыз, 21:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл

15.02.2025

189

0

480337147 2210727492656084 7544197532871843614 n
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы 22 мыңға жуық сарбаз интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанып, 942 жауынгерге туған жердің топырағы бұйырмады. Сыр өңірінен 827 адам қатысып, оның 18-і Ауған жерінде мәңгілік мекендерін тапты. Атаулы дата аясында бүгін Ауған жерінде әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін митинг өтті.

Іс-шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті. Қатысушылар ескерткішке гүл қойып, майданда опат болған сарбаздардың рухына құран бағыштады.

480201174 2210727529322747 5617131459162469859 n

Ауған ардагерлерін еске алу іс-шарасы салтанатты жиынға ұласты. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р. Каюпов қатысты.

«Тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен есте қалған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Жылдар өтсе де, ержүрек жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде.

Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Олар мәңгілік біздің жүрегімізде» — деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Шара барысында басқарма басшысы Р. Каюпов бірқатар ауған соғысы ардагерлеріне облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатын табыстады.

Айта кетейік, ардагерлер ұйымдарының үйлестіруімен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қаза болған жауынгерлердің рухына ас беріліп, Ақсуат ауылдық округіндегі спорт кешенінде ардагерлер арасында шағын футболдан турнир өтті.

480149396 2210727659322734 6005753053562811941 n
480298969 2210727752656058 2790125998796856073 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика