Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ата заң жобасы ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндірілді

06.03.2026

20

0

456592f5 2a4d 485a 9bb4 765d2dfc9003

Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарымен өңірлік және қалалық коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ибадулла Құттықожаев, Сайлаубай Әбішев, Бақытбек Алпыспаев, Гүлшат Мұсаева, Абайбек Жүнісов, Дәурен Сейтжанов және Әбунасыр Алдабергенов қатысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

77861473 2362 44ad af18 61461ec0e77b

Жиын барысында қатысушыларға 15 наурызда өтеді деп жоспарланған республикалық референдум туралы ақпарат беріліп, ұсынылып отырған Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесу кезінде сөз алған Ибадулла Құттықожаев Конституцияның мемлекет пен қоғам дамуын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң жобасында саяси-құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылған.

1bc67432 5bb4 4c4e a9c9 488f8fd7ae44

Сондай-ақ, жиында Сайлаубай Әбішев пен мәдениет және өнер саласының өкілі Бақытбек Алпыспаев сөз сөйлеп, Конституция жобасында көрсетілген адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері туралы пікірлерін білдірді. Кездесу соңында тұрғындар өз ой-пікірлерін айтып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

760c4aa8 c772 4632 8f82 1c9720b5ddc4

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика