Сәрсенбі, 05 қараша, 18:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

05.11.2025

6

0

gluster 2025 11 5 a789b38042403
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 2025 жылғы 5 қарашада, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week 2025 форумы өз жұмысын бастады.

Тоғыз жыл ішінде форум Қазақстандағы медиа саласын дамытуға арналған басты алаңға айналып, халықаралық және отандық медиа кәсіби мамандарын, медиабизнес өкілдері мен мемлекеттік органдарды біріктіретін маңызды платформа болып қалыптасты.

Медиааптаның алғашқы күні «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және өркендеу» атты пленарлық сессиямен ашылды. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

«Ақпарат басты ресурсқа айналған заманда біздің осындай басқосуларымыздың маңызы ерекше. Себебі дәл осындай алаңда ғана біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, қорытынды жасап, соның негізінде бизнес пен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды шешімдер қабылдай аламыз. Бүгінде Қазақстан кеңістік пен уақыт тоғысындағы ерекше кезеңді бастан өткеруде. Мемлекет, қоғам және медиа азаматтардың сұранысына сай, елдің алдағы дамуының заманауи бағыт-бағдарын айқындап келеді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды» құру ісінде осындай өзара бекем байланыс берік іргетасқа айналуға тиіс дегені де бекер емес», – деді Аида Балаева.

Министр Digital News Report зерттеуіне сәйкес, Қазақстан азаматтарының бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екенін айтты. Аида Балаеваның айтуынша, бұл – медиасаланы реформалау бойынша мемлекет жүргізіп келе жатқан жүйелі саясаттың нәтижесі.

Министр құттықтауында атап өткендей, Қазақстан өңірде алғашқылардың бірі болып халықаралық стандарттарға, соның ішінде Digital Services Act қағидаттарына негізделген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылдады. Сонымен қатар жаңа «Масс-медиа туралы» заң редакциялардың құқықтық мәртебесін күшейтіп, журналистерді қорғау тетіктерін кеңейтті және ақпаратқа қол жеткізу тәртібін нақты айқындады. Аида Балаева осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын айта келе, министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер әзірлеп жатқанын атап өтті. Бұл түзетулер ақпараттық кеңістіктегі жылдам өзгерістерге лайықты жауап болмақ.

Пленарлық сессияда сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews-тің Қазақстандағы бюро жетекшісі Боян Бркич, Euronews халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтье, Өзбекстан Ұлттық медиа қауымдастығы бас директорының орынбасары Санжар Устабобоев, Түркия радиотелевизиялық корпорациясының (Түркия) Қазақстандағы өкілдігінің директоры Мехмед Захид Чалышкан және «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры Илхам Ибрагимов сөз сөйледі.

gluster 2025 11 5 37f2752a7240363ba2fd1844f8eb89f3 1280x720
gluster 2025 11 5 3e53a0c8960f4964b6d883032b389a74 1280x720

Іс-шара «Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы» атты панельдік сессиямен жалғасты. Бұл алаңда қазіргі ақпараттық кеңістіктің трансформациясындағы негізгі үрдістер талқыланды. Айта кетерлігі, бағдарламаның бір бөлігі стримингтік платформалар нарығына арналды.

Алдағы екі күн ішінде медиаорталық холлында Astana Media Week 2025 контент-маркеті өтеді. Бұл – жаңа форматтар, копродукциялар және халықаралық кооперациялар таныстырылатын алаң. Контент-маркет продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар және платформалар арасындағы іскерлік кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Қазақстанның ішкі және сыртқы нарықтарына арналған жаңа идеялар, пилоттық жобалар мен бірлескен өндіріс мүмкіндіктері ұсынылады.

gluster 2025 11 5 bbb36c321e7d910e50d81cba825740c6 1280x720

Astana Media Week 2025 7 қарашаға дейін жалғасып, еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік, тәуелсіз және жаңа медиа өкілдері бас қосады. Қатысушылар үшін пленарлық және панельдік талқылаулар, жабық питчинг-сессиялар, сондай-ақ саладағы жетекші сарапшылар өткізетін практикалық мастер-класстар ұйымдастырылады.

Медиаапта аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған. Үздік сұрақ қойған авторлар жетекші стримингтік сервис, медиамониторингтік компаниялардың жылдық жазылымына арналған сертификаттар және бас жүлде – Самарқандқа саяхат ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

gluster 2025 11 5 91009b31398a06f4b1535c81458e3030 1280x720
gluster 2025 11 5 ea6336f6cc66143f282210a5e27042c0 1280x720

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика