Бүгін «Анаға тағзым» орталығында «Ұлықты әйел – ұлт ұйтқысы» атты аймақ әйелдеріне арналған ашық есік күні қызылордалық әйелдер делегациясының қатысуымен қорытындыланды.
Сыр аналарына арналған салтанатты шараның алғашқы кезеңінде облыс орталығының әжелері, қыз-келіншектері «Анаға тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Арнау арнап, думандатып, ашық есік күнінің мән-мағынасын арттырды.
Орталықтың табалдырығын алғаш аттаған аналар қауымы қазақы дәстүрмен шашу шашып, мұндағы қызметкерлердің қабылдауына ыстық ықыластарын жеткізді. Арнайы дайындалған көрмемен танысып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әжелерден құралған ансамбль Сырдың сұлуларына арнап ән шырқады, қырмызы қыздар этно стильдегі киімдер үлгісін көрсетті.
Осы ашық есік күнінде қызылордалық аналарға, қыз-келіншектерге қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қауым ерекше көңіл күймен тарқасты.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz